Accessibility links

Кеше Араб елдерінің лигасы Ирақтағы АҚШ тағайындаған Басқару кеңесін мойындамаймыз деп мәлімдеген.


Араб елдері лигасынң бас хатшысы Амр Моұсса егер заңды деп табылатын үкіметтің жасақталуына жол салатын болса, онда кеңес бастапқы қадам болар еді деп атап көрсеткен. Бұл дегеніңіз 22 ұлттан тұратын Лигадағы Ирақтың орны - жаңа Ирақ үкіметі

құрылғанша бос тұрады дегенді көрсетеді.

-Ирақтың өтпелі басқару кеңесі алға жасалған бір қадам немесе Ирақтың заңды деп мойындалатын және жарияланатын ұлттық үкіметін құру жолының бастауы деуге болады,- деген Амр Моұсса.

Ирақтағы бұдан басқа да хабарларға қарағанда, кеше Тикриттің солтүстігінде көлігі бомбаға жарылып бір американдық қаза болған.

АҚШ әскерилері бұның алдында Бағдадтың солтүстігінде шабуылдар кезінде Ирақтың 9 тұрғыны ұсталды деп айтқан. Олардың төртеуі Баас партиясының немесе Саддам федейинінің адамдары деген күдік бар.

Сонымен қатар кеше Ирақтың оңтүстігі мен орталығындағы қауіпсіздікті өз міндетіне алған Польшаның 2000 мыңдай солдаты Таяу шығысқа келіп орналаса бастаған.
XS
SM
MD
LG