Accessibility links

Индонезия сақшылары кешегі Джакартада 14 адамның өмірін үзген террорлық әрекетті тергеуін бастады.


Мерт болғандардың 3-уі шет елдік. 150 кісі жараланды. Жарылғыш зат салынған жүк тасушы көлік "Мәрриот" қонақ үйінің бас есігінің алдында жарылды. Көліктің ішінде жанпидашы терроршы отырған деген жорамал бар. Кеше Вашингтонда ақпарат құралдарының өкілдеріне Мемілекеттік департаменттің өкілі Филлип Рикер былай деді:

"Сейсенбілік Джакарта қонақ үйіне жасалған шабуыл сынды акт терроршылдыққа қарсы күрес ғаламдық екендігін, терроршылдық ешқандай шекараларға қарамайтындығын және күллі әлемде бейкунә бейбіт тұрғындарға бағытталғаннын көрсетеді. Біз бұндай қорқаулық әрекетті табанды түрде сынаймыз."

Индонезия Ұлттық Бас сақшы генерал Дай Бахтиярдың айтуынша:

"Біз төңіректен мағлұматтар мен заттарды жинастырып жатырмыз. Мәрриотта қолданылған бомба Балидегі тақілетті. Олар көлікті пайдаланған, әзірше біз осыныны анықтадық."

Бұл жарылысты ешкім өз мойнына алмай отыр. Билік орындарының назар аударуынша, бұл терроршылдық өткен жылғы Бали аралындағы жарылыс сынды, 200 адамның өмірін әкеткен жарылыста "Жамаа Исламия" асыра діншіл ұйымы айыпталып отыр. Бейсенбі күні бұл қылмыста айыпталғандарға сот үкімі шығуы керек.
XS
SM
MD
LG