Accessibility links

Колин Пауэлл: Израильдың Йордан дариясының Батыс жағалауында тұрғызып жатқан дуалы Израиль-Палестина қарым-қатынастарына өзінің зиянын тигізуі мүмкін.


АҚШ Сыртқы İстер Министрі Коллин Пауэллдың айтуынша, кез келген ел өзін қорғауға құқылы бірақ қорғаныс дуалы кей жерлерде Израиль жерінен шығып жатыр. АҚШ бұл мәселе бойынша Израильмен келіссөздер өткізіп жатыр,- дейді Пауэлл. Израиль бүгін Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жоспары бойынша 350 палестиндікті бостандыққа шығарады. Палестина автономиясының басшылығы Израиль абақтыларында отырған барлық арабтарды босатуды талап етуде. Бүгін Рамалахта Палестина көсемі Ясир Арафаттың жоғары дәрежелі кеңесшісі Набил Абу Рдина былай деді:

“Израильдіктер шығармақ азғана тұтқын жеткіліксіз, өйткені бұл дұрыс түсінбеушілік, бұл келісім емес.” Бүгін Тель-Авивте машина жарылысынан бірнеше адам жараланды. Сақшылардың пайымдауынша, бұл жарылыс қылмыстық топтардың өзара қырқысы, оның Израиль-Палестинa жанжалына еш қатысы жоқ.
XS
SM
MD
LG