Accessibility links

Түркия президенті Ахмет Неждет Сезер кеше елдегі саясатқа әскерилердің әсер-ықпалын азайтатындай заңдық пакетті мақұлдады.


Өткен аптада парламентте дауыс берілген бұл реформаларда атқару өкілеттігі және әскериленуі басым Ұлттық қауіпсіздік кеңестің жауапкершілік салалары шектеледі. Егер бұл жаңа заңдылық жүзеге асырылатын болса, ол Түркияның Европа одағына қосылу мүмкіндігін кеңейте түседі. Европа одағының " жетінші үйлесімдік пакеті" деген атпен белгілі бап Ұлттық қауіпсіздік кеңесі - кеңесуші орган болып қалуы керек деп талап етеді. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы әскери емес азаматтар қатарынан тағайындалуы қажет деген. Бірақ та осы аптаның басында бұл қызметке армия генералы тағайындалды. Хабарларға қарағанда бұл реформаларды әскерилер қатты сынға алған.
XS
SM
MD
LG