Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Либерияға Америка жасағының аздаған бөлігін олар гуманитарлық көмек жүктеріне жол ашсын деген мақсатпен жібердім деген.


Ол сонымен қатар Либерия президенті Чарьлз Тейлор мұнда Американың көп күші келмей тұрып-ақ, елден кетеді деп күтемін дейді. Буш бұл сөздерді Американың жеті әскери өкілі Либерия астанасы Монровияға тікүшақпен келіп жеткен соң айтқан. Ал дүниежүзілік сот Либерия президент Чарьлз Тейлорға қарсы әскери сот тергеу істері тоқтатылсын деп өтінді деген. Батысафрика елдері аймақтық тобының жетекшісі Мохаммед Ибн Чамбас Тейлор бүгін парламентте сөз сөйлеп, өзінің биліктен кететіні жөнінде жариялауы тиіс деп айтқан. БҰҰ-ы әлем елдерінің үкіметтеріне соғыстан қалжыраған Либерияға 69 миллион доллар болатын қаржылық көмек көрсетуді өтінді. Кеше Нью-Иоркта өткен арнайы кеңеске 50-ден астам елдің өкілдері қатысты. Бұл қаржы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, суды тазартуға және бір миллионнан астам адамды жыл аяғына дейін қорғауға жұмсалар еді. БҰҰ-ның арнайы көмек үйлестірушісінің өкілі Кэролин Макаски қанша елдің нақты көмек қолын созуға тілек білдіретіндігі туралы айтуға әлі ертерек деген.
XS
SM
MD
LG