Accessibility links

Ақындар мүшәйрәсы өтеді


Тамыздың 8-інде Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Ақ жол Қазақстан» газеті өзінің бір жылдығына орай ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне арнап республикалық ақындар мүшәйрәсын өткізбек.

Осы мерекелік шараға байланысты Жазушылар одағының екінші хатшысы Талаптан Ахметжан былай дейді:

- Жазушылар одағы жылда қалалық әкімшілікпен бірлесіп 10 тамызда Абай ескерткішінің түбінде Абай оқуларын өткізіп жүр. Биыл сол шараның алдында «Ақжол Қазақстан» газеті Ұлы ақынның туған күніне арнап 8 тамыз күні жыр мүшәйрәсын ұйымдастырып отыр. Мақсаттары - ұлыны ұлықтау, рухына бас иіу.

Жыр мүшәйрәсына қатысушы ақындар жөнінде ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

-Мүшәйраға жалпы саны 75 ақын қатысып отыр. Газет ұжымы осы жыр мүшәйрәсін дәстүрлі түрде өткізбек дейді. Жеңімпаз деп танылған 10 ақынға мүшәйрәның жүлде қорынан арнайы сыйлықтар табыс етілмек.
XS
SM
MD
LG