Таяу Шығыста Израил тарапынан қабырға салынып жатқанына АҚШ сыртқы істер министрлігі кеше тағы алаңдаушылық танытты. Министр Колин Пауелл бұл қабырға Палестина мемлекетінің болашақ шекарасын нақтылауға бөгет тудырады деп айтты. Қауіпсіздік желеуімен салынып жатқан қабырға кейбір тұстарда Палестина жеріне кіріп кетеді деп жоспарланған.
Израил салып жатқан қабырға Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатуға кері әсерін тигізеді деп кеше, сонымен қоса, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Федотов және АҚШ-тың Таяу Шығыстағы елшісі Уильям Бюрнс алаңдаушылық танытты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?