Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның Қырғызстандағы бағдарламасы


Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы жергілікті полиция қызметкерлерін дайындықтан өткізу мәселесінде Қырғызстанмен өзара келіссөздер жүргізүді аяқтап, келісімге қол қойды.

Жеті тараудан тұратын бағдарламада полиция мен азаматттардың өзара қарым-қатынасы, наразылық шерулері кезіндегі полиция атқаратын міндеттер, тағы да бір қатар мәселелер қамтылған.

Орталық Азия мемлекетттерінде полиция мен азаматтардың арасындағы өзара қарым-қатынас көп жағдайда өте шиеленісті және күрделі.

Қырғызстанда, өткен жылғы наурызда, Ақсы кентінде, бейбіт наразылық шеруіне шыққан азаматтарға оқ ашып, бейкүна бес адамды өлтіріп, 70 шақты кісіні жаралап, қырғыз полициясы атақ-абыройынан жұрдай болғандығы белгілі.

Ол қайғылы уақиғалардан кейін аудандық ішкі істер бөлімі бастығы және аймақтық әкім өз қызметінен алынды, бірақ оқ жаудыруға кімнің бұйрық бергендігі осы кезге дейін беймәлім қалып отыр.

Қырғызстан ресми басшылығының ол қылмысты уақиғалардан кейінгі шарасыздық іс-тірліктері халықтың қатты наразылығын тудырып, ақсылықтар астана қала Бішкекке дейін наразылық жорығын жалғастырды.

Міне енді, өмір тәжрибесі көрсеткеніндей, қырғыз полициясына әле көптеген дайындықтан өту қажет екен. Соны назарда тұтып, Қырғызстан үкіметі, İшкі істер министрлігі Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымымен кеңесе отырып, халықаралық полиция сарапшыларын Қырғызстанға шақыртып, қырғыз полициясының азматтармен жұмыс істеу тәсілдерін, жолдарын жетілдіру мәселелерін оқытып үйретуді жоспарлап отыр.

Европалық ұйым сондай-ақ, Қырғызстанда Ұлттық ақпарат жүйесін құруға, қылмыстық тергеулер жүргізуге және төтенше жағдайда жедел хабарласа алатын телефон номерлерін орнатуға көмектеседі.

Бішкекке қазірдің өзінде Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымынан ресми өкілдер келген. Олардың арасында бір орыс офицері және француз жандармериясынан бір келіншек бар.

Алғашқы жұмыс Бішкектегі Первомайский аудандық ішкі істер бөлімінен басталмақ. Кейін басқа аудандарда жалғасады.

Есеп бойынша, 1-ші 18 айлық бағдарламаға 4 млн. евро жұмсалмақ. Оның 2 млн.ы жанжалдардың алдын алу, тәртіпсіздіктерді реттеу үшін полицияға қажетті мақсаттарға бөлінеді.

Жарты млн. евро қылмыстық тергеу-зерттеу шараларына қажетті Ұлттық ақпарат жүйесін орнатуға жұмсалады.

ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымы Бішкек, Ош және де басқа аймақтарда, Ауғанстаннан келетін есірткі дәрілерін іздеуге көмектесетін иттерді дайындауға 300мың евро бөлген.

БҰҰның жолдамасымен кезінде Босния, Гүржістан, Македония, Сербияда жауапты қызметтерде болған, Лондондағы Скотланд Ярдтық аға офицер Ричард Монктің айтуынша, егер полиция мен жергілікті халық арасында өзара тіл табыстық жағдай болса, бейбіт шерулер тыныш өтіп, қылмыс азаяды.

- Егер біз қырғыз полициясына өз әсер - ықпалымызды жүргізбек болсақ алдымен ол елге барып, полиция ретінде өз мүмкіндігімізді көрсетіп, қылмыспен күресте оларға жәрдем бере алатындығымызды дәлелдеуіміз керек. Қырғыз полициясының қауыммен жұмыс істеу қабылиетін дамыта білуіміз керек. Егер бұл міндеттің үддесінен шыға алса, онда полиция қылмыс бойынша да бірер нәрсені іске асырып, халықтан қосымша пайдалы дерек-мәліметтер алуы мүмкін, - дейді Лондондағы Скотланд Ярдтың бұрыңғы аға офицері Ричард Монк.

Первомайский ауданындағы күзет қызметі мен инспекторлар қызметі қосылып жаңа құрам болмақ. İшкі істер министрлігінде қаумдағы жағдайды бақылап отыратын зерттеу орталығы бар. Монктің айтуынша, полиция наразылық жиындарының бейбіт, тыныш өткізілуіне көмектесе білуі қажет.

Халықтың өз наразылығын білдіруге құқы бар, әрине бейбіт жолмен. Біз ондай кезде қандай іс тұтуды көрсетеміз. Ал зорлық-зомбылық, күш көрсету болып жатса оны басу жолдарын да білу керек болады, - дейді Монк.

Оның айтуынша, полицияның тәжрибесі болмаса шеру кезінде қорқып қалып, халықпен өзара шайқасқа душар болуы мүмкін.

Eгер полиция дұрыс дайындықтан өтпесе ашу-ызалы халыққа қарсы не айқайлауын, не оқ атарын білмей тұрып қалуы мүмкін.

Ал наразы топ офицердің қолындағы бары-жоғы - Калашников 47 автоматына жабысса не болмақ? Оны тартып алар болса, онда көзі қанталағандар алдымен, полицияның өзін атып, кейін ол арадағы халықты да жайпап салуы мүмкін ғой. Сондықтан полиция қандай жағдайда да қолынан қаруын шығарып алмауы керек, - дейді бұрыңғы аға офицер.

Монктің айтуынша, аса қауіпті жағдайда полиция дұрысы ондай суық қаруды алып шықпағаны жөн.

Сондай-ақ оның пікірінше, Қырғызстандағы полицияның алатын қызмет ақысы өте аз. Жаңа замонауи техниканы айтпағанда, қырғыз офицерлерінде қарапайым қол телефондарының өзі жетіспейді.

Сондықтан ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымы тағы да қосымша қаржы мәселесін қарастырмақ. Әзірше бұл бағдарламаға, ұйымға мүше 55 мемлекеттен алтауы-ақ және Европа одағы көмектесіп отыр екен.

Ал Бішкекте Төтенше жағдайда көмектесу жүйесін құру үшін 125 мың евро қажет екен. Монктің айтуынша, мұндай маңызды шара үшін 18 айлық бағдарламаның өзі аздау.

Егер Қырғызстандағы бұл бағдарламаның нәтижесі игі болса Орта Азиялық өзге елдер де қызығыс байқатуы мүмкін. Әзірше, Қазақстан мен Өзбекстан да өз полициясын сауаттандыру үшін ондай бағдарламаға өтініш білдіріпті.

Менің мақсатым, полиция мен қауым арасында өзара тіл табысуына қол жеткізу, мәселелерді келісе шешу. Полиция азаматтарға кей жағдайда қалай іс тұту қажет екендігін көрсете алуы мүмкін. Ал ештеме жасай алмаған кездің өзінде жұрт, полиция қажет кезде бізге көмек бере алады, деп оларға сенгендігінің өзі үлкен нәрсе, - дейді Лондондағы Полиция мекемесі Скотланд Ярдтың бұрыңғы аға офицері Монк мырза.
XS
SM
MD
LG