Accessibility links

Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында жанар май мен электр қуатының жетіспеуі салдарынан екі күн бойы жаппай тәртіп бұзушылық жалғасуда.


БАСРА: Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында жанар май мен электр қуатының жетіспеуі салдарынан екі күн бойы жаппай тәртіп бұзушылық жалғасуда. Өткен жексенбі күні наразылық білдірушілер ашуға мінген халықты тоқтатпақ болған британ жауынгерлерін атқылады. Әскерилер қарсы оқ атып, нәтижесінде жергілікті 1 тұрғын мерт болып, 8-і түрлі жарақат алды. Басраның орталығында 1 британ жауынгері оққа ұшты. Ол қарулы ирақ азаматтарының тасадан атқан оғына тап болды. Бағдадта университет территрориясындағы гранат жарылысы нәтижесінде 2 АҚШ жауынгері мен 10 бейбіт тұрғын жараланды. Ирақтың солтүстігінде болған атыстың салдарынан тағы да 2 АҚШ жауынгері жарақат алды. Тасадан жасалған ол шабуыл жайында әзірше басқа ақпар жоқ.
XS
SM
MD
LG