Accessibility links

Қазақстанда мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталды


Қазақстанда мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының алдын- ала қорытындысы бойынша, қазіргі жағдаймен, 7552 кандидат тіркелген.

Алайда, «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов республика аумағында мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу барысында олардың біразына қатысты, шын мәнінде, бірқатар бұрмалаушылықтар мен қысым көрсету әрекеттерінің орын алғандығын жоққа шығармайды. «Ал бұл жағдайлар, бірден- бір, Қазақстанның сайлау заңын өзгерту қажеттігін ашып көрсетеді» - дейді Әлихан Бәйменов.

Әлихан бәйменовтың айтуына қарағанда, «Ақ жол» партиясы санатынан өзін - өзі ұсынушы ретінде 850-ге тарта үміткер құжат тапсырса, алдын-ала есеп бойынша, солардың 720-ға жуығы тіркелген.

Сондай-ақ үміткер ретінде 446 азамат құжат тапсырған Қазақстан Демократиялық оппозициясының өкілдері оларды тіркеу барысында билік тарапынан жасалған қысым турасында арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық бөлімшесінің төрайымы, мәслихат депутаттығынан үміткер Маржан Аспандиярова аталған қысым көрсету әрекеттері сайлау науқаны барысында да жалғасады деген ойда. «Сайлауда айтарлықтай жеңіске жетпеген күннің өзінде, Қазақстан демократтарының басты мақсаты- нақты мысалдар негізінде, сондай бұрмалаушылықтар мен заңсыздықтарды қоғам және халықаралық қауымдастық алдында ашып көрсету, жария ету» дейді М. Аспандиярова.

Ал үміткер ретінде 2500 азамат құжат тапсырған Отан партиясы төрағасының орынбасары Қалиасқар Дунаев Отан партиясынан қанша адамның тіркелгені әзірге бізге белгісіз дегенді айтады. Сондай-ақ Қалиасқар Дунаевтың айтуына қарағанда, тіркеу барысында Отан партиясы да бірқатар қиындықтарға кезіккен көрінеді.
XS
SM
MD
LG