Accessibility links

АҚШ-тың талап етуімен Либерия ел басы Чарлз Тейлор бүгін қызметінен кетіп отыр.


АҚШ-тың талап етуімен Либерия ел басы Чарлз Тейлор бүгін қызметінен кетіп отыр.

Оның аталған қызметтен кетуі және Нигерия күштерінің басқаруындағы бейбітшілік сақтау жасақтарының елге енгізілуі 14 жылға созылып кеткен азамат соғысына нүкте қоятын шығар-, деп талайлар үміт артуда. Кезіндегі жеті жылдық соғыс барысында мықты дала қолбасшысы ретінде танылған Тейлор мырза 1997-ші жылғы сайлауларда жеңіске жеткен еді. Қазіргі кезде ол Нигерия тарапынан өзіне ұсынылған баспана беру, яғни паналату ұсынысын қабылдап отыр. Алайда, елден қашан кететіндігін де айта қойған жоқ. Либерия халқына жолдаған соңғы сөзінде ол әйтеуір күндердің-күнінде осы кеңсеге қайта оралуы мүмкін екендігін де еске сала кетті. Тейлор мырза ел басылық міндеттің өз орынбасары боп келген Мосес Блахқа тапсырылуын қайталаумен болды.
XS
SM
MD
LG