Accessibility links

Иран өкіметі террористік “Әл-Қаида” ұйымының тұтқынға алынған кейбір мүшелерін соттайтынын растады.


ТЕҺРАН: Иран өкіметі террористік “Әл-Қаида” ұйымының тұтқынға алынған кейбір мүшелерін соттайтынын растады. Дүйсенбі күні Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі басқа елдердің қолына берілмейтін “Әл-Қаида” мүшелері Иранда сотқа тартылады деп мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, сондай-ақ “Әл-Қаида”-ның Иранның өз ішінде қылмыс жасаған мүшелері де сотталатын сияқты. Бірақ тұтқында отырғандардың бірі де АҚШ-қа берілмейді. Өйткені, бір-біріне қылмыскерлерді беру туралы АҚШ пен Иран арасында келісім жоқ. Тұтқында отырған “Әл-Қаида” мүшелерінің аты-жөндері әлі де болса хабарланбай отыр.
XS
SM
MD
LG