Accessibility links

БҰҰ-ы, АҚШ және Еуропа Одағы Либерия президенті Чарльз Тэйлордың дүйсенбі күні биліктен бас тартуын – елдегі қантөгісті тоқтатын қадам деп мақұлдады.


БҰҰ-ы, АҚШ және Еуропа Одағы Либерия президенті Чарльз Тэйлордың дүйсенбі күні биліктен бас тартуын – елдегі қантөгісті тоқтатын қадам деп мақұлдады. МОНРОВИЯ: БҰҰ-ы, АҚШ және Еуропа Одағы Либерия президенті Чарльз Тэйлордың дүйсенбі күні биліктен бас тартуын – елдегі қантөгісті тоқтатын қадам деп мақұлдады. Либерия астанасы – Монровияда дүйсенбіде билікті вице-президент Мозес Блаға тапсыру рәсімі болып өтті. Ол елді президент сайлауы белгіленген қазан айына дейін билеуге тиіс. Осы күні Ч.Тэйлор өзіне саяси баспана берген Нигерияға келіп тоқтады. Адам құқықтарын қорғаушы халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы Ч.Тэйлорды әскери қылмыстары үшін сотқа тартуға шақыруда. Ол көптеген жылға созылған қантөгіс азамат соғысына басты айыпты болып есептеледі. Оның барысында ондаған мың бейбіт халық қырылды. Бір апта бұрын Либерияға негізін Нигерия әскері құраған бітімгершілік күштері енгізілді. АҚШ Либерия жағалауына өзінің әскери кемелерін аттандырды.
XS
SM
MD
LG