Accessibility links

Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысы мәлімдеме таратты


Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысы тамыздың 12-сі күні осы қозғалыстың жетекшісі Ғалымжан Жақиянов төңірегіндегі жағдайға байланысты өзінің мәлімдемесін таратты.

Мәлімдемеде айтылғанындай Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысының жетекшісі, қазір түрмеде отырған Ғ.Жақияновтың соңғы күндері тек денсаулығына ғана емес оның өміріне де қауіп қатер төніп отыр. Бұның басты себептері ол біріншіде: Ғ.Жақияновтың өз саяси көзқарас өзінің алған бағытынан таймауы болса екінші жағынан Қазақстан басшылығының соңғы кезде бет бедел, абыройының төмендеп бара жатуы делінген аталмыш мәлімдемеде.

Қазақстан өкіметі түрмеде отырған Жақиянов өзіне рахымшылдық көрсетуді сұрап өтініш жазса дегенді жан тәнімен қалап отырғаны белгілі. Қазір Ғалымжан Жақиянов төңірегінде ақпараттық тосқауыл жасалып отыр. Ресми орындар Ғалымжан туралы ойдан шығарылған өтірік айтып жалған ақпарат беруді әдетке айналдырып отыр.

Қазақстанның Демократиялық Таңдау Қозғалысының баспасөз хатшысы Владимир Козлов “Азаттық” радиосына берген сұхбатында:

- Қазақстан Әділет министрлігі мен Денсаулық министрлігінің арнайы коммисиясының Ғалымжан Жақияновтың денсаулық жағдайы туралы таратып жатқан мәлімдемелері шып-шылғи өтірік. Шын мәнінде Ғ.Жақияновтың денсаулығын ешкім де көрмеген. Ол өз денсаулығына байланысты дәрігіери комиссия бастығынан егерде мен туберкулезбен ауыратын болсам қандай іс-шара қолданарсыз деген сұрағына комиссия басшысы онда сізді дереу туберкулез колониясына жөнелтеміз деген жауап келтірген. Жақиянов бұдан соң дәрігери тексеруден өтуден ұзілді кесілді бас тартқан. Туберкулез колониясына барған кімде-кім ол жерден аман қайтпайды, – деді.

Оның айтуынша соңғы кезде Ғ.Жақиянов отырған Құсмұрын түрмесіне барып онымен кездеспек болған адам құқығын қорғаушы Петр Свойк және сенат мүшесі Зәуреш Батталованы түрме басшылары ішке кіргізбей, Ғалымжанмен жолықтырмай қойды.
XS
SM
MD
LG