Accessibility links

Британияда қару сарапшысының өліміне байланысты туындаған дау


Британия өкіметіне жұмыс істеген ғалым Давид Келлидің тосыннан қаза болуы және бұл оқиғаға орай БиБиСи тілшісі Андрю Джилиганның өкіметті Ирақтың жойқын қаруы дегенді дабырайтып көрсетті деп кінәлауы бұл елде дауға айналып отыр.

Бұның бәрі Британия өкімет басы Тони Блеэрге соққы болып тиіп жатыр

Өткен айда Британия парламенті алдында жауап беруден бұрын Британия өкіметінің Ирақ жойқын қаруы бойынша бас маманы ғалым Давид Келли өз-өзін өлтірді. Британия парламенті Келлиден Ирақ жойқын қаруы жәйлі мәліметтер жөнінде жауап алмақшы болған деп жазады радиомыздың талдаушысы Катлин Нокс.

Парламент Британия өкіметі Ирақ жойқын қаруы туралы мәліметтерді тым дабырайтты деген айыптаулардың басын ашпақшы болған. Марқұм ғалыммен соңғы рет кездескен БиБиСи тілшісі Давид Келли бұл қайғылы оқиғаға орай өкіметті кінәлайтын хабар таратты. Ол хабарда марқұм ғалым өлер алдында өз қолында болған мәліметтің өңін айналдырды деп Британия өкімет басы Тони Блеэрдің көмекшісі Аластаир Кампбеллді атады делінеді.

Енді өкімет басының көмекшісі жалған айып тақты деп БиБиСи тілшісінен кешірім сұрауды талап етіп отыр. БиБиСи мен өкімет бір-біріне удай өшігіп алды.

Ал, мамыр айында эфирге шығып кеткен атышулы хабарында айтылған деректердің ақиқат екенін журналист Джилиган кәзір тергеу алдында тапжылмай қорғауда. Журналист Джилиган атышулы хабарына негіз болған марқұм ғалым Келлидің әңгімесі дейді. Марқұм өзі берген деректердің өңінің айналып кеткенін үлкен ренішпен атады дейді.

Соның бір мысалы "Ирақ химиялық, билогиялық қаруларын 45 минут ішінде қолдана алады" деген дақпырт болды деген ол. Дүйсенбі күні өткен тергеу нәтижесі көрсеткендей марқұм Давид Келли Британия қорғаныс министрлігінің барлау материалдарын ала алатын жоғары лауазымды маман болған. Оның үстіне Келли Ирақта істеген тәжрибесі бар, Ирақ қаруы бойынша негізгі британдық сарапшы болған. Айналып келгенде бұл дау-дамай Тони Блеэр мен оның өкіметіне көлеңке түсірді. Югов зерттеу орталығының маманы Джой Твыман:

"Осының бәрі яғни су бетіне қалқып шыққан көбік тағы да қозғалыс тудырды. Ол өкімет үшін пайдалы емес."

Британияның өкіметтік Ессекс Университетінің профессоры Антони Кинг:

"Ол қаласын қаламасын Блеэр мырзаның жеке басына деген сенім мәселесі күн тәртібіне шықты. Енді ол өзінің саяси беделін, моралдық беделін қалыпқа келтіре алуы мүмкін бе? Жоқ. Мүмкін емес."

Болашақта тергеу алдында Британия өкімет басы Тони Блеэр де Ирақ жойқын қаруы туралы мәліметтерді қайдан алғаны туралы жауап беруге тиіс. Бірақ, оның қашан жауап беретіні белгісіз дейді талдаушы Джой Твыман.
XS
SM
MD
LG