Accessibility links

“Сотталған Ғалымжан Жақияновтің соңғы мүмкіндіктерін пайдалануына кедергі жасалып отыр”


Қостанай облысындағы Құсмұрын түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан Павлодар облыының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов Мемлекет Басысшысына рақымшылық сұрау жөнінде хат жолдаған.

Алайда, ол құжат колония қабырғасынан әрі аса алмауда,-деп мәлімдеді тамыздың 13-і күні өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты Серікболсын Әбділдин.

- Біз бүгін Жақиянов жатқан жерден келіп отырмыз. Осы жолы оны түрменің ішінен жаңғыз ғана отыратын жерге қамап қойыпты деген жағдаймен бардық. Ол рас болып шықты. Оның себептерін сол жерде отырған бастықтар дұрыстап айтпайды. Бірақ сөзінің бағытынан түсінгеніміз, осы Астанадан Смағұлов деген шонжар адам сондай тәртіп беріп кеткен сияқты. Бір сотталған адамды тыныш отыруға да мүмкіндік бермей, қайта-қайта ілігіп жанжал туғызып отырғанның өзі бір ерекше оқиға. Осыған байланысты өзіміздің аралысып жүрген азаматтардың пікірі. Ғалымжанға, ол жерде өміріне зақым келмей тұрғанда Елбасына өтініш жазып, босауың керек дегенбіз. Ол осы тамыздың басында, үшінші тамызда болатын. Алтыншы тамызда осыған байланысты Ғалымжан Елбасына өтініш жазған. Бүгін тамыздың 13-і, сол өтініш осы күнге дейін түрменің қабырғасынан шықпай отыр, - деді Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин.

Серікболсын Әбділдин, аталған жағдайлар, Ғалымжан Жақияновтің соңғы мүмкіндіктерін пайдалануына жасалып отырған кедергі деп есептейді.
XS
SM
MD
LG