Accessibility links

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі бүгін бұл елдегі проблеманы шешу үшін Құрама Штаттары тарапынан ешқандай агрессиялық шешімнің қажеті жоқ, - деген мәлімдемелерін қайталады.


Осы мәлімдемеден үзінді келтіре отырып, елдегі КСНА атты ақпарат агенттігі “Аталған келісімдер қайта Құрама Штаттарының “жаулық саясатын” тоқтатқандығын дәлелдеу үшін қажет”-, деген ойларын жеткізді. Аталған мәлімдеме екі аптадан кейін басталатын алты жақты келіссөздер алдында және Мәскеу мен Вашингтонда бүгін өтіп жатқан келіссөздер қарсаңында жасалған болатын. Мәскеуде Ресей ресми өкілдері қос Корея делегацияларымен жеке-жеке жағдайда сөйлесулер өткізуде. Ал, Вашингтонда АҚШ өкілдері Жапония және Оңтүстік Кореялықтармен екі күндік пікіралысуларды бастайтын болады.
XS
SM
MD
LG