Accessibility links

Ғалымжан Жақияновтың қорғаушысы


“Ғалымжан Жақиянов, рақымшылық сұрау туралы өтінішін жазған кезде қорғаушысы ретінде қасында бола алмадым”

Сотталған, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновтің Мемлекет Басшысына рақымшылық сұрау туралы жазған өтінішінің Құсмұрын түезету мекемесінен әрі аспай отырғаны туралы Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдиннің бұқаралық ақпарат құралдары алдында мәлімдеме жасағаны бұған дейін де хабарлаған-ды.

Ғалымжан Жақияновтың адвокаты Елена Ребенчук, тамыздың 13-і күні өткен баспасөз мәслихатында Ғалымжан Жақиянов аталған өтінішті жазған кезде жанында бола алмағанын айтты.

- Бұл Жақияновтың өмірін сақтау үшін, қауіпсіздігі үшін маңызды қадам. Адвокат қасында болып рақымшылық сұрау құжатын толтыруға көмектесіп, ол құжаттың арнайы бөлімге және Президент үстеліне түсуін қадағалап отырады. Бірақ бізді, қорғаушысын мұндай мүмкіндіктен айырды, - деді ол.

Елена Ребенчуктің айтуынша, ол Ғалымжан Жақияновпен соңғы рет тамыздың екісі күні кездескен. Біз ол кезде басқа істерге қатысты іс жүргізу мәселелеріне байланысты құжаттарға қол қойдық. Одан кейін саяси кеңестің шешімі шығып, мені адвокат ретінде рақымшылық жасау туралы ұсынымды жазуға жедел шақырды. Тамыздың жетісі күні мен Жовтиспен бірге ұшып келдім. Бірақ біздің келу сапарымыздың мақсаты әр түрлі болатын.

- Дизентерияға байланысты шұғыл карантин жарияланып, колония бастығы өткізген жоқ. Жақияновтың жұбайы Қарлығаш тамыздың алтысы күні үш күндік жүздесуден соң кездесу бөлмесінен шыққанда ешқандай карантин жарияланбаған болатын.

Жовтис Әділет министрлігі жүйесінен тәуелсіз құқық қорғаушы ретінде Жақияновтың денсаулығына байланысты мәселенің анық-қанығын білуге тамыздың 7-інде келді. Бізге колония бастығы кездесуге шыққан жоқ. Оның үстіне тамыздың жетісі күні колония бойынша ешқандай карантин жарияланбаған еді, -
деді Ғалымжан Жақияновтың қорғаушысы Елена Ребенчук.

Оның айтуынша, тамыздың жетісі күні колония аумағына судьялар, прокурорлар келіп, сот болып, сотталғандардың бір бөлігі мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған.

Карантин болған жағдайда ешқандай пенденің колониядан шығуға құқысы жоқ. Ал, тамыздың 8-і күні колониядан 60 сотталушы босатылды.

Бізге Ғалымжан Жақияновтың рақымшылық сұрау туралы ұсынымына байланысты колония әкімшілігінің әрекеті түсініксіз,
- деді Елена Ребенчук.

Aдвокат Елена Ребенчук Ғалымжан Жақияновтың аталған өтінші қанағаттандырылады деген үмітте.
XS
SM
MD
LG