Accessibility links

АҚШ Қауіпсіздік Кеңесінің Ирақ Басқару Кеңесі мен БҰҰ-ның өкілеттігіне қолдау көрсетуін күтеді


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ-тың Ирақ Басқару Кеңесі мен Ирақта БҰҰ-ның жаңа өкілеттігін құру туралы ұсынысын талқылап жатыр. Дипломаттардың айтуынша, аталмыш мәселелер бойынша осы аптаның ішінде белгілі бір шешім қабылдануы мүмкін.

АҚШ ресми өкілдері осы аптада Қауіпсіздік Кеңесі Ирақтың Басқару кеңесін ресми өкілетті орын ретінде қабылдайды деген сенімде.

Егер Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі АҚШ, Британия, Франция, Ресей және Қытай бір мәмілеге келсе, онда Қауіпсіздік Кеңесінің қалған 15 мүшесі де соны қолдайды.

АҚШ-тың ұсынысы бойынша, Ирақтағы БҰҰ-ның жаңа өкілеттігі БҰҰ-ның Ираққа Көмек беру Өкілеттігі деп аталуы тиіс.

Интерфакс ақпарат агентігіне берген сұхбатында Ресей Сыртқы Істер министрлігінің өкілі Юрий Федотов Ресей Ирақ кеңесін елдегі тұрақты өкілетті орын және заңды үкімет құрудағы нақты қадам деп түсінеді деп мәлімдеді.

Федотовтың мәлімдемесі БҰҰ-ның Бас Хатшысы Кофи Аннаның БҰҰ-ның мүшелерін Ирақтың кеңесін қолдау туралы мәлімдемесімен үндес шығып отыр. Бірақ көптеген араб елдері Ирақтың кеңесін қолдаудан бас тартып, оның мүшелерін американдықтар таңдады деуде.

Бірақ БҰҰ-ның ресми түрде Ирақтың кеңесін қолдауы көптеген мүше елдерді иландырды,-дейді Колумбия Университетінің Халықаралық Зертеу Орталығының басшысы Эдвард Лак, - Барлық айтыс-тартыстарға байланысты әскери жорықты аздаған ғана мүше елдер қолдады, оларда өздірінің халқының алдында БҰҰ-ның аттынан қосымша заңды қолдауға зәру.

Ирақтың кеңесіне министрлер мен дипломаттарды тағайындау мүмкіндігі берілді. Дүйсенбі күні конституциялық комитетті таңдау үшін заңгерлер тобы құрылды. Ал сейсенбіде үстіміздегі апталарда Басра әуе жәйына ұшып қонуға алты халықаралық авиялинияға ұрықсат берілді.

БҰҰ-ның Бас Хатшысы Аннаның айтуынша, БҰҰ-ның Ираққа Көмек беру Өкілеттігінде 300 дей азаматтық қызметкерлер жұмыс жасаса солардың көпшілігі ирақтықтар болады. Олар мұнайды азық-түлікке ауыстыру бойынша адамгершілік бағдарламасын жалғастырып және адам құықтары мен басқару мәселеріне де ат салысатын болады.

Аннаның пайымдауынша, БҰҰ-ы сот реформасы, сақшыларды машықтандыру және сарбаздарды демалысқа шығару сынды салаларда өз қол үшін бере алады. Бұл аптадағы талқылаулар БҰҰ-ның тікелей билігін артыруды қарастырмайды. Бірақ БҰҰ-ның өкілі Фархан Хақтың айтуынша, - БҰҰ-ның Ирақтағы ролі соңғы апталарда еселеп өсе түсті. Біз онда сайлау комисиясын бір аптадан сәл асар-аспас уақытта атандырдық. Адам құықтары бойынша елеулі шаруалар тындырылды. Мұнайды азық-түлікке айырбастау бағдарламасы қараша айында өз жұмысын тоқтату бойынша дайындықтарын жүргізіп жатыр.

Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі Ирақ әкімшілігін АҚШ бастауындағы одақтастардың 1483-інші шешіміне сай әрекет етуі тым шектеулі деп Кеңес мүшелері Германия мен Франция пікір білдірді. Олар БҰҰ-ына Ирақты қалпына келтіру мен қайрымдылық қорларына тәуелсіз заңды тұлға ретінде көбірек құықтар берілуі керек деді. Көптеген қолдау көрсеткісі келетін елдер өздерінің одақтастардың бейбітшілікті сақтау әрекеттеріне БҰҰ-ның кең мандатынсыз жәрдем бере алмайтындықтарын айтуда.

АҚШ-тың сыртқы саясат саласындағылар өз ішінде Құрама Штатар Ирақта көбірек халықаралық көмекке зәру екендігі мойындалды.

Жексенбі күні Сенаттың сыртқы істер мәселері бойынша қуатты комиссиясының төрағасы Ричард Лугар, АҚШ үкіметті Саддамнан кейінгі Ирақты қалпына келтіру үшін көбірек халықаралық қолдауға ие болу үшін жаңа шешімдер іздеуі қажет.
XS
SM
MD
LG