Сондықтан да халықаралық қауымдастықты өздері уәде еткен қайырымдылық көмектерін көрсетуді одан әрі жалғастыруға Амнести интернейшнл ұйымы шақырды. Сәрсенбі күні Ауғанстанда фракциялық топтар арасындағы шайқастар барысында кем дегенде 60 адам қаза болған. Аталған ұйымның бағалауынша мұның өзі бір жылдан аса уақыт ішіндегі ең қантөгісті күн болып отыр. Әлемдік қауымдастықтың бұл елге ауадай қажет көмектерді жеткізбей отыруы себепті Ауған жерінде қауіпсіздік пен заңдық тәртіпті орнату қиынға соғуда-, дейді Амнести интернейшнл ұйымы. БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілі Лақдар Брахими Қауіпсіздік кеңесіне тағы да өтініш жолдап, Қабыл қаласы және елдің барлық түкпірлеріне орналастыру үшін бұл елге жіберілетін халықаралық бейбітшілік сақтау күштерінің санын одан әрі арттыруға шақырды.
Халықаралық адам хұқықтарын қорғау ұйымының айтуынша, АҚШ әскерлерінің басып кіргеніне екі жыл өткеннен кейінгі аралықта Ауғанстандағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?