Accessibility links

Хебронда әсіре исламшыл ұйымының басшысы өлтірілді


Израил әскері кеше Хеброн қаласында әсіре исламшыл ұйымының басшысы Мохамед Сидрды өлтірді. Ол Израилге қарсы террористік шабуылдарды ойластырып жүрді деп сезіктеледі. "Ислам Джихады" ұйымының саяси басшысы Мохаммед Әл Хинди оқ атпау жөніндегі келісімді бұзғымыз келмейді, бірақ Мохамед Сидрдың өліміне кек аламыз деді. Мұндай ескертуіді "Әл Ақса Мұхаджірлер бригадасы" да жасады. Таяу Шығыстағы басқа жағдайды айтатын болсақ, Палестина қауіпсіздігі мекемесінің бастығы Мохаммед Дағлан Израил қорғаныс министрі Шауль Мофазбек кездесуге тиіс. Европа Одағы Таяу Шығыстағы жағдайдың бұзылғанына кеше алаңдаушылық танытты, екі тарапты да араңдатушы шаруалардан бойларын аулақ ұстауға шақырды.
XS
SM
MD
LG