Accessibility links

Ауғанстанда сайлаушылардың жалпы тізімі жасалына басталды


Ауғанстанда келесі жылы жалпы сайлау өткізілмекші екені белгілі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстан Орталық сайлау комиссиясымен бірігіп, сайлаушылардың жалпы тізімін жасай бастады. Бұл шаруаға Біріккен Ұлттар Ұйымы 75 миллион доллар бөлді. Дегенмен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы елшісі Джейн Арноулт елдегі қауіпсіздіктің мүшкіл халі демократиялық сайлауды өткізуге жағдай бермей тұр деп күдігін айтты: - Елдегі жағдай еркін және әділ сайлау өткізуге шама бермей тұр деп біледі ауғандықтардың көпшілігі, және бұл пікірге біз қосыламыз. Саяси партиялар мен ауғандықтарға өздерін толыққанды және еркін сезінуге қауіпсіздіктің жағдайы әлі келіңкіремей тұр. Мұндай сарындағы алаңдаушылықты Ауғанстан ішкі істер министрі Али Ахмад Джалали бұдан ертерек танытқан. Елдегі қауіпсіздікті нығайту үшін сырттан әлі де көп күш жұмсау керек, дейді Али Ахмад Джалали. Бір қана сәрсенбі күні Ауғанстанда түрлі қақтығыстарда 65 шақты адам қаза тапты, мысалы үшін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG