Accessibility links

Оралмандардың көбісі жұмыссыз жүр


Тамыздың он бесінші жұлдызында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы қаласында жұмыспен қамтамасыз ету орталығына өтініш берген 115 оралманның тек 12-сінің ғана жұмысқа орналасқандығы туралы ақпарат таратты.

Аталмыш министрліктің еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету департаментінің директоры Дана Шайділдинованың айтуынша, жергілікті органдар оралмандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне аса көңіл бөлмейді екен. Біз осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Алматы қалалық еңбек және жұмыспен қамтамасыз ету департаментіне хабарласқан едік. Бірақ өкінішке қарай біз ол мекемеден дұрыс жауап ала алмадық. Телефон тұтқасын алған хатшы қыз директордың кезекті демалыста екендігін айтып, оның орынбасарымен хабаласуымызды өтінді. Бірақ директордың орынбасарын да өз орынан таба алмадық.

Ал, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа жүгінсек, республикамыздағы сегіз облыста жұмысқа орналастыру барысы орташа деңгейден төмен екен. Мысалы, Қызылорда облысында жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгендердің он алты процентіне ғана жұмыс табылған.
XS
SM
MD
LG