Accessibility links

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ жарғылық қорын 1 млрд. теңгеге арттыруды жоспарлап отыр


"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ жарғылық қорын 1 млрд. теңгеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы жұма күні аталған компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, компанияның әрқайсысы 10 мың теңгеге бағаланған 100 мың дана қарапайым атаулы акциясы алдағы бірнеше айда биржалық саудаға шығарылады. Компания активтері қазірде 2,8 млрд. теңгені, жеке капиталы 1,7 млрд. теңгені, несиелік қоржыны 2,2 млрд. теңгені құрайды. « Жалпы, біздің жарғылық қорды арттыруымыз тұтынушылар үшін тиімді. Өйткені, аталған компания құрылған 2 жылдың ішінде осының нәтижесінде тұрғындарға берілетін несиенің үстеме өсімін 18 проценттен 13 –ке дейін төмендетті» дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ-ның басқарма төрайымы Майко Сағындықова. "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ еліміз үкіметі тарапынан бекітілген тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және елімізде ипотекалық несие беру жүйесін дамыту жөніндегі концепцияға сәйкес құрылған. Компанияның құрылтайшысы ҚР Ұлттық банкі болып табылады .
XS
SM
MD
LG