Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясы диктаторлық билікке жол бермейміз деп, Бакуде үлкен шеру өткізді


Бес мың халық жиналған ереуіл президенттік сайлау науқанының алғашқы күніне орайластырылды. 15 қазанға белгіленген президентік сайлауға 12 үміткер тіркеліп отыр. Сексен жасар Ғейдар Әлиевтің орнына ұлы Ильхам өтіп кетеді деп алаңдайды оппозиция. 41-жасар Ильхам Әлиев жақында қана бас министрлікке тағайындалып, елдің ресми түрде екінші басшысына айналды. Ал Ғейдар Әлиевтің өзі бір айдан аса төсек танып жатыр. Әзірбайжан оппозициясы елімізде хан билігі біржолата орнап келеді деп наразы.
XS
SM
MD
LG