Деигу. Оңтүстік Корея. Оңтүстік Корея үкімет өкілінің мәлімдіеуінше Оңтүстік Корея президенті Рох Му-Хюн Сеулде өткен шеруде Солтүстік Корея туы мен ол ел басшысы бейнесінің өртелуіне орай өз өкінішін білдірген. Өткен жұма күні Сеулде 5 мыңға жуық шерушілер Пхениянның жойқын қару жасауға ұмтылып отырғанын айыптап Солтүстік Корея президенті Ким Джонг Иллді биліктен кетуге шақырған еді. Кеше Солтүстік Корея бұл оқиғаға орай Оңтүстік үкіметінен ресми кешірім сұрауды талап еткен болатын.