Accessibility links

Франсияның денсаулық сақтау министрі Жан-Франсуа Маттеидің хабарлауынша, қаза болғандар туралы толық ақпар бірнеше аптаның ішінде мәлім болады, әзірше 5 мың адамның құрбан болғаны жарияланып отыр.


ПАРИЖ: Франсияның денсаулық министрлігінің бас маманы Люсьен Абенхайм – бірнеше аптаға созылған аптап ыстықтың салдарынан 5 мың адамның қаза болғаны жария етілген сәтте, дүйсенбі күні қызметінен кетті. Одан ертерек шыққан хабарға сәйкес, Франсияда аптап ыстықтан 3 мың адам құрбан болған-ды. Дүние салғандардың басым көпшілігі – егде жастағы кісілер көрінеді. Франсияның денсаулық сақтау министрі Жан-Франсуа Маттеидің хабарлауынша, қаза болғандар туралы толық ақпар бірнеше аптаның ішінде мәлім болады. Сонымен бірге министр: теңдессіз ыстық ауа райының қатері жөнінде үкіметтің алдын-ала құлақтандырылмағанын мойындады. Қарт кісілердің дүние салуына, негізінен, аптап ыстықтан қан қысымының күрт көтерілуі, басқа қан құйылуы және адам ағзасының сусыздануы себеп болған.
XS
SM
MD
LG