Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Палестина автономиясының өкіметін Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға тосқауыл болып отырған экстремистік топтарды таратуға шақырды.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Палестина автономиясының өкіметін Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға тосқауыл болып отырған экстремистік топтарды таратуға шақырды. Сейсенбі күні АҚШ-тың Тексас штатында сөйлеген сөзінде Дж.Буш палестиндіктер үшін АҚШ-пен және өзге де халықаралық дәнекерлермен ынтымақтасудан басқа бейбітшілікке жететін жолы жоқ деп атап көрсетті. Израиль мен Палестина автономиясының өкілдері таяу уақытта Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Иерихон мен Калькилия қалаларынан Израиль әскерін шығарудың шарттарын талдауға кіріспек. Өткен жексенбіде тараптар өзара ортақ пікірге келе алмай, аталмыш мәселе бойынша келіссөздерді тоқтатты. Палестина жағы Иерихон мен Калькилия арасындағы жолдан күзетті алып тастауды талап етуде, ал Израиль оған келіспей отыр.
XS
SM
MD
LG