Accessibility links

Жексенбі күні Ирақта Рейтер агенттігінің телеоператоры Мазин Дана қаза болды.


БАҒДАД: Белгісіз біреулердің Бағдад түбіндегі Абу-Һрайб түрмесін минаатқыштан атқылауы салдарынан 6 Ирақ азаматы қаза болып, 59-ы жараланды. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, шабуыл сенбі болған. Жексенбі күні осы түрмені бейнекамераға түсіріп жүрген кезінде, Рейтер агенттігінің ұлты палестиналық араб телеоператоры Мазин Дана оққа ұшты. Қазір тергеу жүріп жатыр. Басра қаласында коалициялық күштердің жасағына қарсы жасалған шабуылдың нәтижесінде даниялық 1 жауынгер мерт болды. Өзара атыс кезінде шабуыл жасаған 2 Ирақ азаматы құрбан болды. Бұл – Дания әскерінің Ирақтағы алғашқы адам шығыны.
XS
SM
MD
LG