КАБУЛ: АҚШ пен Ауғанстанның әскери бөлімдері елдің Урузған провинциясында жасырынып келген тәліптер жасағының ізін кесуде. Жергілікті халықтың хабарлауынша, тауда 100-ге жуық қарулы жасақ жасырынған. Аталған провинцияның бір өлкесінде өткен аптада полиция бөлімінің бастығы өлтірілді. Оны тәліптер өлтіргенге ұқсайды. НАТО-ның бітімгершілік күштерінің жаңа қолбасшысы, неміс генералы Һотц Һлимерот сәрсенбі күні Кабулда – қаладағы ахуал негізінен бірқалыпты, бірақ террористік қастандықтардың болуын мүлде жоққа шығаруға болмайды деп мәлімдеді.
АҚШ пен Ауғанстанның әскери бөлімдері елдің Урузған провинциясында жасырынып келген тәліптер жасағының ізін кесуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV