Бағдадта бұл банктің 15 қызметкері жұмыс істеп жатқан. Олардың біразы жарылыс кезінде БҰҰ-ның өкілдігінде болған. Оның екеуі жараланып, біреуі із-түзсіз жоғалып отыр. Дүниежүзілік банк Ирақтағы жұмысын Иордания астанасы Амманнан жалғастыра беретін болады. Халықаралық қаржы қорының да БҰҰ-ның өкілдігінде офисі болған. Қордың төрт қызметкеріне медициналық көмек көрсетілген соң олар Бағдадтан көшірілді. Халықаралық қаржы қорының Бағдадтағы жұмысын жалғастыруы қаралып жатыр.
Дүниежүзілік банк Бағдадтағы БҰҰ-ның өкілдігіне жасалған шабуылдан кейін, өзінің Ирақтағы өкілдерін қайтарып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Көрсетілмейтін дерек
Қазақстанда күштік құрылымдардың шығыны қанша?
-
Орталық Азия азаматтары
Ресейде еңбек мигранттарына әскерден бөлек экономика да мұқтаж