Accessibility links

АҚШт БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерімен Ирақтағы халықаралық әскери күштердің қатарын ұлғайтуды көздейтін жаңа Қаулының жобасын талдауда.


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерімен Ирақтағы халықаралық әскери күштердің қатарын ұлғайтуды көздейтін жаңа Қаулының жобасын талдауда. Ол жөнінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл Нью-Йоркте БҰҰ-ының бас хатшысы Кофи Аннанмен болған келіссөздерінің артынша хабарлады. К.Аннан, өз кезегінде, БҰҰ-ы Ираққа өзінің бітімгершілік күштерін жолдауды көздемейді деп мәлімдеді. БҰҰ-ы – өзінің Бағдадтағы өкілдігіндегі 23 адамның өліміне себеп болған сейсенбі күнгі террористік қастандықтың кесірінен Ирақтағы уақытша тоқтатқан барлық қайырымдылық шарасын сенбі күні түгел қайта жалғастырмақ. Бейсенбіге қараған түні Ирақ астанасында болған жарылыстан АҚШ-тың 1 жауынгері қаза болып, екеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG