БЕЛГРАД: Сербия прокуратурасы премьер-министр Зоран Джинджичтің қастандықпен өлтірілу ісі бойынша күдікті 44 кісіге ресми айыптар тақты. Прокуратураның бейсенбі күні таратылған мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, 15 адам наурыз айында жүзеге асырылған кісі өлтіруге тікелей қатысы бар деп айыпталса, қалғандары – олармен ауыз жаласқан деп есептелуде. Айыпталғандардың аты-жөндері айтылмайды. Әлгі құжатта Зоран Джинджичке қарсы қастандықты ұйымдастырды деп айыпталған, бірақ қолға түспей бас сауғалап жүрген “спецназ” әскерінің бұрынғы қолбасшысы Милорад Луковичтің есімі ғана аталады.
Сербия прокуратурасы премьер-министр З.Джинджичтің қастандықпен өлтірілу ісі бойынша күдікті 44 кісіге ресми айыптар тақты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV