ВАШИНГТОН: Әзірбайжанның премьер-министрі Ильһам Әлиев ауруханада емделіп жатқан әкесі - Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиевтің саулығын білу үшін бейсенбі күні АҚШ-қа табан тіреді. Премьер-министрдің әкесі Г.Әлиев осыдан екі апта бұрын АҚШ-тың Оһайо штатындағы Кливленд қаласының ауруханасына жатқызылған болатын. Бейресми ақпарға сәйкес, Әзірбайжан президентінің жүрегі, қан тамырлары және бүйрегі сырқат көрінеді. Әкесімен жүздесуден басқа премьер-министр И.Әлиев АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілдерімен кездеспекші. Келіссөздердің маңызды тақырыптарының бірі – бірлескен экономикалық жобалар мен Әзірбайжанның Ирақтағы бітімгершілік шарасына қатысуы болмақ.
Әзірбайжанның премьер-министрі Ильһам Әлиев ауруханада емделіп жатқан әкесі - Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиевтің саулығын білу үшін бейсенбі күні АҚШ-қа келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
AzattyqTV