Accessibility links

Қаржы полициясы Әміржан Қосановқа айып тағып отыр


Тамыздың 21- і күні Республикалық Халық партиясының баспасөз қызметі мәлімдеме таратты.

Онда Қазақстанда кезекті саяси сот процессі басталатын түрі бар. Өйткені тамыздың 15 і күні Алматы қалалық қаржы полициясы департаментінің маңызды істер жөніндегі тергеушісі Сергей Пальчак Қазақстандағы демократиялық күштер форумының тең төрағасы, Республикалық Халық Партиясысының атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосановты айыпты адам ретінде жауапқа тарту туралы шешім шығарғандығы айтылған.

Мәлімдемеде айтылғанындай қазақстан оппозициясының белгілі өкілінің біріне қарсы осылай қылмыстық іс қозғалатын болып отыр. Бұдан бұрын Ә.Қосановқа қарсы екі рет яғни 2002 ші жылдың қараша айының 22 сі күні және 2003 жылдың қаңтар айының 13 і күні екі қылмыстық іс қозғалған болатын.

Оның бірі Қазақстанның қылмыстық кодексінің 222 бабы бойынша салық төлеуден жалтарған деген қылмыс болса ал екіншісі қылмыстық кодекстің 325 ші бабы бойынша жалған құжат пайдаланған деген қылмыс болатын . Енді міне ол үшінші рет қылмысқа тартылып отыр. Ә.Қосанов 1998 ші жылдан бері «Реформа» атты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси орталықтың жетекшісі қызметін де атқарып келіпті. Бұл бейресми ұйым. Қаржы полициясының шүйлігіп отырғаны да осы бейресми ұйым қызметіне байланысты көрінеді.

Ә.Қосановқа тағылып отырған жаңа айып оған қылмыстық кодекс бойынша үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын төндіріп тұр сонымен бірге оған ешқайда кетпеу туралы ескертіліпті. Ә.Қосанов өзіне тағылып отырған жаңа айыппен танысып болған соң іс сотқа берілмекші. Бірақта «Азаттық»-қа берген өзінің сухбатында Ә.Қосанов:

- Қаржы полициясының мұнша шұқшиуына қарағанда сот процессі өтуі өтетін шығар. Бірақта біз бұған дайынбыз, біздің қолымыздағы барлық құжат қағаздар дұрыс, салықты төлеп тұрдық - деді
XS
SM
MD
LG