Отырыстың күн тәртібінде 24 мәселе қарау көзделген болатын. Солардың кейбіреуіне тоқталсақ, "ЕурАзЭҚ жалпы кедендік тарифін қалыптастыру туралы", "Өзара сауда-саттықта арнаулы қорғаныс шаралары, антидемпингтік және компенсациялық шаралар қолданылмаған жағдайда Қоғамдастыққа мүше елдердің ішкі рыногін қорғау тетіктері туралы", "ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің өзара сауда-саттық, қызмет көрсету және инвестициялық іс-қызметінің ахуалы мен динамикасына әсер етуші факторларға жан-жақты талдау жасау туралы" мәселелер талқыланады. ЕурАзЭҚ-на Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары қамтылады. Ал Армения, Молдова және Украина елдері Қоғамдастықта бақылаушы мәртебесіне ие.
Алматыда ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің отырысы өтті
- Саясат БЕЙİСБАЙ
22 тамыз жұма күні Алматыда ЕурАзиялық Экономикалық Қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің он үшінші отырысы болып өтті.