Accessibility links

Ауғаныстандағы қақтығыстар жалғасуда.


Ауғаныстандағы жергілікті басшылықтың хабарлауынша, кеше Урузган аймағында болған қақтығыс кезінде 4 Талибан жауынгері мен 2 үкіметтік әскер мерт болған. Аймақ әкімі Абдул Рахимнің айтуынша, үкіметтік күштер осындағы Хас ауданында 300ге тарта Талибан әскерімен бірнеше сағат бойы шайқасқаннан кейін, Талибан жасақтары тауға қарай ығысып кеткен. Урузган аймағы астана Қабылдан 300 шақырым оңтүстік батыста орналасқан. Соңғы екі апта барысында Ауғаныстанның әр түпкірінде болған осындай шайқастар барысында ондаған адам мерт болды. Бұл шабуылдарды Талибан жасады делінсе де, кей ресми қызметкерлер мен шет елдік жәрдем көрсету ұйымдары өкілдерінің айтуына қарағанда, аталмыш шайқастардың кейбірі шын мәнінде өзара бақталас Ауған топтары арасындағы қақтығыстар болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG