Accessibility links

Иракқа Қазақстандық бітімгершілік әскерінің екінші тобы жеткізілді


Тамыздың 22-і күні Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде жарты жыл қортындысына арналған алқа мәжілісі өтті.

Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, Қазақстанның қорғаныс саласы елеулі өзгерістерді өткеріп жатқандығын айтты.

Оның айтуынша, 2005-ші жылдарға дейінгі кезеңге арналған әскери құрылымның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы Президент Жарлығына сәйкес қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінде штаб бастықтарының Комитеті деген әскери басқарудың жаңа органы құрылды.

Қарулы күштердің үш түрлі құрылымы құрылуда. Олар жаяу әскер, әуе қорғанысы және әскери-теңіз күші.

Қазақстан Үкіметінің осы жылғы тамыздың алтысындағы қаулысына сәйкес республиканың облыстық, қалалық, аудандық әскери комиссиараттары департамент, басқарма және қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер болып қайта құрылады.

Министр, журналистерге берген сұхбатында Иракқа Қазақстан тарапынан бітімгершілік әскерінің екінші тобы жеткізілгенін мәлім етті.

- Біздің екінші тобымыз бүгін түнде Иракқа ұшып жетті. Бұл топтың құрамында 13 адам бар. Сонда 27 адам және бір подполковник штабта өзіміздің өкіліміз болып отыр. Олар бұрынғы, кейінгі соғыстардан қалған жарылғыштарды залалсыздандырумен және ауыз суға пайдаланатын тұщы суды табуымен айналысады, - деді ол.

Министр, Ирактағы Қазақстандық бітімгершілік тобымен байланыс орнатылғанын және олардың жұмыстарын бақылап отыратындықтарын айтты. Алқа мәжіліснде қарулы күштер саласындағы реформаны орындау барысы және әскери тәртіптің сақталу жайы қаралды. Министрдің айтуынша, әскерилердің тәртіп бүзуы 60 пайызға азайған.

Алайда, Мұхтар Алтынбаев, кейбір әскери бөлімшелердің кормандирлері тәртіп мәселесін түбегейлі шешкен жоқ деген пікірде.
XS
SM
MD
LG