Accessibility links

Халықаралық Қызыл Крест комитеті Бағдадта жұмыс істеп келген бірқатар қызметкерін кері алып кететінін мәлімдеді.


Қызыл Крест өзінің террорлық шабуыл нысанасына ілігу мүмкіндігі жөнінде eсекерту хат алғанын да хабарлап отыр. Ұйымның Бағдадтағы уәкілі Нада Думанидің айтуынша, өткен айда жәрдем көрсетумен айналысқан қызметкері Бағдадтың оңтүстігінде болған шабуылда оққа ұшқаннан бері Қызыл Крест бұл елдегі жұмыскерлерінің санын ұдайы қысқартып келеді. Оның сөзінше, ұйым Ирақта 50-ге тарта қызметкерін ғана қалдырмақ. Думани Қызыл Крестің жәрдемі Ирақта ерекше қажет болып отырғанын, алайда мұндай шараға баруға мәжбүр екенін өкінішпен білдірді. Кемінде 23 адамның өліміне алып Бағдадтағы Б.Ұ.Ұ. ғимаратына қарсы шабуылдан бері халықаралық жардем көрсету ұйымдары қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөле бастады.
XS
SM
MD
LG