Accessibility links

Ирақтағы жоғары дәрежелі американ қызметкерінің сөзінше, елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін Ирақ азаматтарының көбірек жәрдемі және тәуірірек барлау шаралары қажет.


Пол Бремердің айтуынша, Ираққа көбірек американ әскерін енгізудің қажеті шамалы. ЭйБиСи және СиЭнЭн теле арналарына берген сұхбатында Бермер Ирақ мәселесінде Американың басқа елдерден жәрдемді қабыл алуға да әзір екенін атап өтті. Алайда, - деді ол, - жағдайды жақсарту көбірек әскер енгізуге тіреліп тұрған жоқ, бұл істе барлау мәліметтерінің жақсаруы және Ирақтықтардың көбірек көмек көрсетулері шешуші қызмет атқара алады. Бремер, сондай ақ, Ираққа жүздеген шет елдік қарулы топ мүшелерінің еніп кеткенін, және олардың Ирақтағы американ әскерлеріне барған сайын көп кедергі жасап отырғанын да мойындады.
XS
SM
MD
LG