Accessibility links

Британдық кеңес семинары


Британдық кеңес Орталық Азия мемлекеттеріне арнап, семинар өткізуде

Үстіміздегі жылғы тамыздың 25-і мен қыркүйектің 5-і аралығында Британдық кеңестің «Хорнби» аймақтық мектебі Орталық Азия мемлекеттеріне арнап «Азаматтық білім, адам құқықтары және ағылшын тілінің дамуы» атты семинар өткізеді, деп хабарлайды Қазақстандағы Британдық кеңестің баспасөз қызметінен.

Семинарға қатысушылар негізінен, қазіргі заманғы оқыту үлгісінің тәсілдері мен азаматтық білімнің қоғам өмірі және халықаралық мәдениетте алатын орнына ерекше көңіл бөледі деп күтілуде. Сонымен қатар, семинарда адам құқықтары мен әлеуметтік теңсіздік мәселелері де қарастырылмақ. Қазақстандық оқытушылардың айтуынша, семинарға Қырғызстан мен Өзбекстаннан, Моңғолия мен Венгриядан өкілдер шақырылған. Мектептің басты міндеттерінің бірі - сараптама жүргізе отырып, қазіргі заманда ағылшын тілін үйретудің жолдарын жетілдіру болып табылады.

Британдық кеңес Қазақстан мен Қырғызстанда 1994-інші жылдан бастап жұмыс жасауда. 1934-інші жылы құрылған кеңестің әлемнің 109 елінде 218 кеңсесі бар.
XS
SM
MD
LG