Accessibility links

Жұмыссыздық


“Жамбыл облысында жұмыссыздық жоғары деңгейде, ал, Қызылорда қаласында жұмыссыздардың 27 пайызы жоғары білім бар жастар құрайды”

Біз бұған дейінгі хабарларымызда Астана қаласында жұмыссыздықты азайтуға арналған шараның барысы жөнінде айтқан едік.

Енді осы проблеманың Қазақстанның өзге де аймақтарында қалай шешімін тауып жатқаны туралы хабардар етпекпіз.

Бұл мәселені шешу үшін бірқатар облыстар өзара экономикалық келісім-шарттар жасасып, тәжірибе алмасуда.

Әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін Жамбыл облысы мен Астана қаласы әкімдері екі жақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мақсатында 2001 жылы өзара келісім –шартқа қол қойды.

Мақсат - жастар саясатын іске асыру, жұмыссыздық проблемасын шешу болуда.

Қызылорда обылысы да әлеуметтік проблемаларды шешудің жолын іздеп, Астана қаласында атқарылып жатқан істерден тәжірибе жинақтауда.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері Асанбек Наурызбаевтың айтуынша, мұндай істер өз нәтижесін береді. Жамбылдықтар Астанада жылына бір рет өткізіліп тұратын еңбек жәрмеңкесіне биылғы жылы бірінші рет қатысты.

Асанбек Наурзыбаев, Тараз қаласында бос жұмыс орындарының жоқтығын айтады.

Бұрынғы химия өндірісі қазіргі уақытта тоқтап тұр. Бұрынғыдай 20-30 мың адам жұмыс істемейді. Сондықтан жұмысқа тұру қалада, жалпы облыс көлемінде қиындау болып отыр. Сондықтан осы Астана қаласына келіп жұмыс істеймін дегендер болса, сол кісілерді жұмысқа орналастыруға септігін тигізейік әрі тәжірибе алмасу болсын деген ойымыз бар.

Биылғы жылы мамыр айында Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында болған зілзала апатының зардабын жоюға республиканың барлық облысы атсалысуда. Жұмыссыз жүрген аталған облыс азаматтарының бірқатары осында еңбек етуде. Зілзала орынында республика көлемінен 17 мыңға жуық адам жұмыс істеуде. Облыс көлеміндегі жұмыссыздардың 500-і аталған ауданда еңбек етуде.

Тұрар Рысқұлов ауданында қираған ғимараттар қыркүйек айынан қазан айына дейін орнына келеді деп ойлаймыз.

Соңғы жылдары көпшіліктің заңгер, экономист мамандықтарын алуға тырысатыны байқалуда. 40 мыңдай адамның заңгер мамандығын алғаны туралы да жиі айтылып жүр. Ал, елге басқа ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларына қажетті мамандықтар аздық етуде.

Асанбек Наурызбаев, жастардың көрнекті мамандықтарды алуға тырысатынын айтты. Оның айтуынша, Жамбыл облысында жұмыссыздық жоғары болып отыр.

Ол ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтарды дайындауға бетбұрыс жасалуы қажет деген пікір айтты.

Ал, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшара Ембергенова, жұмыссыздық пробелемасын азайтудың жолын қарастыру мақсатымен Көкшетау және Қарағанды қалаларында болып, енді Астана қаласына келіп еңбек жәрмеңкесіне қатысып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, Қызылорда қаласында бос жұмыс орындары аз. Өйткені, Астанаға қарағанда қала халқының саны аз. Проблемалар, шешілмейтін мәселелер бар. Соның шешу жолын іздестіріп жатырмыз.

Жұмыс істеймін деген азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартудамыз. Ақылы қоғамдық жұмыс алты айға дейін ұйымдастырамыз. Өзін көрсете білгендерді жұмыс берушілер тұрақты жұмысқа алып жатады.

Ол жұмыс берушілер қойып отырған талаптар жоғары екендігін айтты. Сондықтан көптеген жастар жұмысқа тұра алмайды. Жұмыссыз ретінде тіркелгендердің 27 пайызы жоғары оқу орынын бітірген жастар.

Жалпы 4300 адам есепте тұр. Басқа аймақтарға қарағанда бізде жұмыссыздық деңгейі жоғары.

Шетел компанияларының талаптары бойынша сұраныстарды қамтамасыз ете алмаймыз.

Соңғы кезеңдері кәсіптік-техникалық мектептерді жандандыру мәселесі арагідік айтылып жүр. Еңбек жәрмеңкесінде жұмыс берушілер ұсынған қызметтердің көбісі де осы саланы қамтыды.
XS
SM
MD
LG