Accessibility links

Үндістанның саяси қайраткерлерінің кәміл сенімінше, дүйсенбі күні Бомбей қаласында болған жарылыстар – соғысқұмар исламшылдардың ісі болып табылады.


НЬЮ-ДЕЛИ: Үндістанның саяси қайраткерлерінің кәміл сенімінше, дүйсенбі күні Бомбей қаласында болған жарылыстар – соғысқұмар исламшылдардың ісі болып табылады. Үндістан премьер-министрінің орынбасары Лал Кришна Адвани мен үнді сыртқы істер министрі Яшвант Синх экстремистік топтардың қолтығына су бүркеп отыр деп тағы да Пәкістанды айыптады. Әлемнің басқа көптеген елі сияқты, Пәкістанның да Бомбейдегі 50 кісінің қазасына және 150 адамның жарақат алуына себеп болған террористік қастандыққа үлкен наразылық білдіруіне қарамастан, оған осындай айыптар тағылуда. Ол қастандық үшін әзірше ешқандай ұйым немесе топ жауапкершілік алмай отыр.
XS
SM
MD
LG