Accessibility links

МАГАТЭ мамандары елдің “әскери және стратегиялық құпияларын құрметтейтін болса”, Иран МАГАТЭ-нің инспекторларына өзінің ядролық нысандарын тексеруге ешбір талап-шартсыз рұқсат беруге дайын.


ТЕҺРАН: Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – МАГАТЭ - Иранды өзара тығыз ынтымақтасуға шақырды. Иран үкіметінің өкілі сейсенбі күні: егер МАГАТЭ мамандары елдің “әскери және стратегиялық құпияларын құрметтейтін болса”, Иран МАГАТЭ-нің инспекторларына өзінің ядролық нысандарын тексеруге ешбір талап-шартсыз рұқсат беруге дайын деп мәлімдеді. МАГАТЭ-нің мамандары әзірлеген баяндамаға сәйкес, Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты жайында біржақты ұғымға келу әзірше мүмкін емес. Алайда әлгі құжатта атап көрсетілгендей, ядролық нысандардың бірінен алынған сынақта – ядролық қару жасауға қажетті байытылған уранның қалдықтары табылған. Ал ресми Теһранның мәлімдеуінше, оның ядролық бағдарламасы бірыңғай бейбіт мақсатты көздейді.
XS
SM
MD
LG