КИЕВ: Украинаның сыртқы істер министрі Анатолий Зленконың мәлімдеуінше, Киев - Украинада 1932-33-інші жылдары орны болған жаппай ашаршылықтан 7-10 млн. халықтың қырылғанын дүниежүзілік қауымдастықтың мойындағанын мақсат етеді. А.Зленко атап көрсеткендей, КСРО-ның тікелей мұрагері болып табылатын Ресейден Украина, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды шиеленістірмес үшін, кешірім сұрауды талап етпейді. Одан бұрын Ресейдің Украинадағы елшісі Виктор Черномырдиннің мәлімдегеніндей, Совет Одағының мұрагері бола тұрса да, оның елі Украинадағы ашаршылық үшін кешірім сұрауға міндетті емес. Ал тарихшылардың мәлімдеуінше, И.Сталин бастаған КСРО басшылығы украин шаруаларын колхозға кіруге мәжбүрлеу үшін, ашаршылықты қасақана ұйымдастырды.
Киев - Украинада 1932-33-інші жылдары орны болған жаппай ашаршылықтың салдарынан 7-10 млн. халықтың қырылғанын дүниежүзілік қауымдастықтың мойындағанын мақсат етеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?