Accessibility links

Чешенстанның Шелковск ауданында республикадағы ең ірі мұнай қоймасы гранататқыштардан атқыланды.


ГРОЗНЫЙ: Чешенстанның Шелковск ауданында республикадағы ең ірі мұнай қоймасы гранататқыштардан атқыланды. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, сыйымдылығы 5 мың тонна қойма жарылып, одан 30 млн. рубльдің шығыны келген. Чешенстаннан алынған тағы бір хабарға қарағанда, республиканың Орталық сайлау комиссиясы республика президенті лауазымына алғашқы кандидаттарды тіркей бастады. Сәрсенбі күні президенттіке үміткерлердің куәліктері Чешенстан әкімшілігінің төрағасы Ахмад Қадыровқа, кәсіпкерлер Мәлік Сайдуллаев пен Хусеин Жабраиловқа және Грозный университетінің оқытушысы Авһад Хачукаевқа табыс етілді. 5-інші қазанға тағайындалған президент сайлауына түсетін тағы 7 үміткер тіркеліп, куәлік алуға тиіс.
XS
SM
MD
LG