БАҒДАД: АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремердің мәлімдеуінше, елді қалпына келтіруге 10-даған млрд. доллар қаржы керек. Оның пікірінше, ол қаражаттың басым бөлігі шетелдерден келуге тиіс. “Вашингтон пост” газетіне берген сұхбатында П.Бремер: Ирақтың экономикалық проблемалары орасан зор, бірақ елді жаппай тәртіпсіздік жайлаған деп есептеу адасқандық болады, деп мәлімдеді. Уақытша әкімшіліктің жетекшісі келесі жылдың қазан айына қарай Ирақ мұнайын өндіру – соғыстың алдындағы деңгейіне жетіп қалар деген үмітін білдірді. Алайда мұнайдан түскен барлық табыс, оның пікірінше, Ирақ экономикасын толық қалпына келтіруге жетпейді. Президент Дж.Буштың әкімшілігі таяу күндері Конгрестен соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіруге қосымша бірнеше млрд. доллар қаржы бөлуді сұратпақшы. Ол жайында Вашингтондағы ресми ақпарат көздерінен мәлім болды.
АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремердің мәлімдеуінше, елді қалпына келтіруге 10-даған млрд. доллар қаржы керек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес