Accessibility links

Йемен өкіметі террористік “Әл-Қаида” ұйымының мүшелері болды деген күдікпен түрмеге жабылған 30 адамды – олардың экстремизмге қарсы шығуынан кейін, бостандыққа жіберді.


САНА: Йемен өкіметі террористік “Әл-Қаида” ұйымының мүшелері болды деген күдікпен түрмеге жабылған 30 адамды – олардың экстремизмге қарсы шығуынан кейін, бостандыққа жіберді. Өткен жылдың желтоқсанында Йеменде осылайша ағынан жарылып өкініш білдірген 36 экстремис босатылған болатын. Олардың барлығы да АҚШ-та 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі террористік қастандықтан соң түрмеге жабылды. Терроризмге қарсы күресте Йемен АҚШ-пен ынтымақтасты және түрмелерде әлі де 190 террористің отырғаннын мәлімдеуде. 2000-ыншы жылы жанпидашыл-террористің жарылғыш заттармен толтырылған моторлы қайығын АҚШ-тың күзетте тұрған “Коул” атты әскери кемесіне бағыттап жарған кезінде, Йеменде АҚШ-тың 17 теңіз жауынгері қаза болды.
XS
SM
MD
LG