Accessibility links

Сайлауды бақылау жөнiндегi қоғамдық комитет құру туралы


Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы сайлауды бақылау жөнiндегi қоғамдық комитеттiң құрылғанын құптайды.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Қуандық Тұрғанқұлов мәлiмдедi.

Сайлауды бақылау жөнiндегi қоғамдық комитеттiң құрылғанын тамыздың 28-i күнi хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы сол күнгi баспасөз мәслихатынан мәлiм болған-ды. Аталған құрылым Үкiметтiк емес ұйымдар конфедерациясының, “Құқықтық қазақстан үшiн” азаматтық қозғалысының және Қазақстанның жастар конгресiнiң бастамасымен дүниеге келдi.

Орталық сайлау комиссиясының тамыздың 29-i күнгi баспасөз баянында “…мұндай құрылым сайлау заңының барлық деңгейде қорғалуын бақылауды тереңдете түседi. Ал қоғамдық ұйымдардың бұл процеске белсене қатысуына жағдай туғызады”, - делiнген. Дегенмен, баспасөз мәслихатына космиссия мүшелерiнiң шақырылмай қалғандығына өкiнiш бiлдiрiледi. Соның салдарынан баспасөз мәслихатын өткiзушiлердiң жаңсақтықтарға ұрынғандығы айтылып, түзетулер берiлген.

Мысалы, тамыздың 29-ына дейiн Орталық сайлау комиссиясына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан және азаматтардан 127 хат түскен. Олардың 115-iне жауап қайтарылып, 12 шағым қаралу кезеңiнде.

Орталық сайлау комиссиясының баспасөз баянында одан әрi арыз-шағымдар мен хат-хабарларда негiзiнен сайлау алдындағы үгiт-насихат жұмыстары, сайлау компанияларын қаржыландыру мәселелерi, сонымен қатар жергiлiктi сайлау учаскелерi мен атқару органдарының сайлау заңдарын бұзу уақиғалары мазмұндалатыны айтылған.
XS
SM
MD
LG