Нью Дели. Үнді полициясы Нью Дели теміржол бекеті маңынан 20 кг қопарылғыш тапқанын мәлімдеді. Бомбейде болған 52 кісінің ажалына жеткен бомбалық шабуылдардан кейін Нью Делиде сақтық шаралары қатайтылған болатын. Бомбейдегі қопарылысқа айыпты деп полиция мұсылман қарулы топтарын мегзеп отыр.